Суға түсірілген катер кәсіпорын үшін кеме жасау өнімдерінің 25-ші катері және осы түрдің біріншісіболып табылады. Катер ҚР ҚМ ӘТК үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жасалған.  Катердің ұзындығы - шамамен 13 м, жалпақтығы - шамамен 3,5 м, су ығыстырғыштығы - шамамен 12 т, шөгуі - шамамен 0,6 м.

Катер суасты диверсиялық қауіптерден порт аумағының нысандарын және теңіздік экономикалық қызмет нысандарын күзетуді және шолуды қосатын суасты диверсиялық күштерге және құралдарға қарсы арнайы мақсаттағы жасақтардың әрекеттерін қамтамасыз етуге арналған; арнайы жасақтарды олардың шыгуы мүмкін аудандарға жеткізу;  әскери жүзушілерді және оларды жеткізу құралдарының қимылдарын табу, топтау және анықтау.

Катер өз мақсатына сай тапсырмаларын орындау үшін арнайы өнімдермен қамтылған, сонымен қоса заманауы байланыс және навигация құралдарымен қамтылған.

Салтанатты шараға Батыс-Қазақстан облысының басшылары, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары,бірінші дәрежелі капитан Бурамбаев С.Ж., Қарулы күштер ардагерлері, жергілікті басқару органдарының өкілдері және зауыт ұжымы қатысты.