Кәсіпорында ISO 9001сериясының халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін Сапа менеджмент жүйесі енгізілген, Ресей теңіз кеме жүргізу тіркеушісінің талаптарына сәйкес кемелерді және кеме жабдықтарын жобалауға, жасауға, жаңартуға және жөндеуге арналған және Ресей тіркеушісінің «Русский регистр» куәландыру жүйесінің куәліктері бар. Ағымдағы жылы кәсіпорынды OHSAS18001 кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігіне өз еркінен куәландыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Зауытта тәуекелді басқару жүйесі және ішкі бақылау жүйесі жұмыс жасаужа, жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы саясат бекітілген.
Кәсіпорынның лицензиялары:
- Оқ-дәрілерді, қару-жарақтар мен әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, құрамдаушы өнімдерді және оларға арналған құралдарды жобалау, өндіру, жөндеу, сатып алу және сатуға, сонымен қоса өндіріске, монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу және қызмет көрсетуге арналған;
- Жобалау-іздестіру қызметімен әрекеттенуге арналған;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға арналған;
- Иондалған сәуле шығару көздерімен жұмыс жасауға арналған;
- Прекурсорларды сатып алу, жою, үлестіру, өткізу, сақтау, тасымалдау, қолдану қызметтерімен айналысу;
- Медециналық қызметпен айналысу.