Кеме мемлекеттік шекараның және құрлықтық қайраңының аумақтық суларын күзетуді қамтамасыз етуге, өздігінен және басқа кемелермен, катерлермен және авиациямен бірігіп, заң бұзушылардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу мақсатымен шоруылдауға, суасты диверсанттарымен күресуге арналған. 

Салтанатты суға түсіру рәсіміне Батыс-Қазақстан облысының әкімі Көлгінов А.С., Тапсырыс берушінің – ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, кеме экипажы, қала тұрғындары мен қонақтары және зауыт ұжымы.

 

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ 1941 жылы Ленинград қаласынан көшірілген «Двигатель» зауытының негізінде құрылған. Соғыс кезінде зауыт арнайы әскери-теңіз қаруын шығарып, жауды жеңуге қосқан зор үлесі үшін Қазақстан кәсіпорындарының ішіндегі жалғыз болып Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен марапатталған. 
Орал қаласына келген соң бір айдан кем уақыт ішінде майданға қару-жарақтың бірінші топтамасы аттандырылған болатын. Ерекше кәсіпорын қатаң соғыс жылдарының салттарын жалғастырушысы болды. Соғыс жылдарынан соң және осы уақытқа дейін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ алдына қойылған мемлекеттік тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындауда.

Қазіргі уақытта  «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ құрамындағы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ басты мақсаты мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау және арнайы мақсаттағы бәсекелес өнімдерді шығару арқылы еліміздің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылатын қорғаныс- өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының құрылымына кіреді.  

 

Толығырақ