Суға түсірілген катер кәсіпорын үшін кеме жасау өнімдерінің 25-ші катері және осы түрдің біріншісіболып табылады. Катер ҚР ҚМ ӘТК үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жасалған.  Катердің ұзындығы - шамамен 13 м, жалпақтығы - шамамен 3,5 м, су ығыстырғыштығы - шамамен 12 т, шөгуі - шамамен 0,6 м.

Катер суасты диверсиялық қауіптерден порт аумағының нысандарын және теңіздік экономикалық қызмет нысандарын күзетуді және шолуды қосатын суасты диверсиялық күштерге және құралдарға қарсы арнайы мақсаттағы жасақтардың әрекеттерін қамтамасыз етуге арналған; арнайы жасақтарды олардың шыгуы мүмкін аудандарға жеткізу;  әскери жүзушілерді және оларды жеткізу құралдарының қимылдарын табу, топтау және анықтау.

Катер өз мақсатына сай тапсырмаларын орындау үшін арнайы өнімдермен қамтылған, сонымен қоса заманауы байланыс және навигация құралдарымен қамтылған.

Салтанатты шараға Батыс-Қазақстан облысының басшылары, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары,бірінші дәрежелі капитан Бурамбаев С.Ж., Қарулы күштер ардагерлері, жергілікті басқару органдарының өкілдері және зауыт ұжымы қатысты.

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ 1941 жылы Ленинград қаласынан көшірілген «Двигатель» зауытының негізінде құрылған. Соғыс кезінде зауыт арнайы әскери-теңіз қаруын шығарып, жауды жеңуге қосқан зор үлесі үшін Қазақстан кәсіпорындарының ішіндегі жалғыз болып Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен марапатталған. 
Орал қаласына келген соң бір айдан кем уақыт ішінде майданға қару-жарақтың бірінші топтамасы аттандырылған болатын. Ерекше кәсіпорын қатаң соғыс жылдарының салттарын жалғастырушысы болды. Соғыс жылдарынан соң және осы уақытқа дейін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ алдына қойылған мемлекеттік тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындауда.

Қазіргі уақытта  «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ құрамындағы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ басты мақсаты мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау және арнайы мақсаттағы бәсекелес өнімдерді шығару арқылы еліміздің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылатын қорғаныс- өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының құрылымына кіреді.  

 

Толығырақ