Салтанатты шара «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры В.Х. Валиевтың сөз сөйлеуінен басталды, құттықтаулармен Батыс-Қазақстан облысының әкімі А.С. Көлгінов, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты  Ш.А.Утемисов, III-IV-V шақырысының Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқару төрағасының орынбасары К.С.Сатжанов, машина жасау қызметкерлері кәсіподағының ОК төрағасы К.К.Кусаинов, Қорғаныс министрлігінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері, зауыт және қала ардагерлері, қала және тектес кәсіпорындардың басшылары, білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері сөз сөйлеген. Құттықтаулар әртістердің көрінісімен– зауыт ардагерлерінің хорының және мереке қонақтарының, соның ішінде Қорғаныс минитрлігінің Орталық ансамблінің орындаушыларының өлеңдерімен, «Зенит» МС би ұжымы – «Антре» және балалар би студиясы ұсынған билермен алмастырылды. 

Мерека қарсаңында ең жақсы мерейтойлық белгі конкурсы өткізілген болатын, мерейтойлық бүктеме және зауыт туралы фильм дайындалып шығарылған болатын, кәсіби шеберлік конкурсы және спартакиада болып өтті.Мерекелік шара күні және оның қарсаңында қолөнер көрмесі өтті, онда зауыттықтар өз шеберліктерін ұсынған болатын.

 

 

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ 1941 жылы Ленинград қаласынан көшірілген «Двигатель» зауытының негізінде құрылған. Соғыс кезінде зауыт арнайы әскери-теңіз қаруын шығарып, жауды жеңуге қосқан зор үлесі үшін Қазақстан кәсіпорындарының ішіндегі жалғыз болып Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен марапатталған. 
Орал қаласына келген соң бір айдан кем уақыт ішінде майданға қару-жарақтың бірінші топтамасы аттандырылған болатын. Ерекше кәсіпорын қатаң соғыс жылдарының салттарын жалғастырушысы болды. Соғыс жылдарынан соң және осы уақытқа дейін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ алдына қойылған мемлекеттік тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындауда.

Қазіргі уақытта  «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ құрамындағы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ басты мақсаты мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау және арнайы мақсаттағы бәсекелес өнімдерді шығару арқылы еліміздің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылатын қорғаныс- өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының құрылымына кіреді.  

 

Толығырақ