Зауыттакемелер мен катерлердің сериялық шығарылымын игеру Қазақстан Республикасынындағы өнеркәсіптің жаңа саласы – әскери кеме жасаудың пайда болуының негізін қалаушы болды.
Зауыт су ығыстырғыштығы 240 тоннаға дейінгі кемелер мен катерлерді шығарумен 1993 жылдан бастап айналысады. Катерлер мен кемелерді жасап шығарумен қатар зауыт оларға техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен және жаңартумен айналысады.

 

 ИГЕРІЛГЕН ӨНІМДЕР:

Жағалауда жүзетін 100 «СҰҢҚАР» жобасының шекаралық катері әуе тетігінде, суатқыш қозғалғышымен, өзендерде, көлдерде және теңіздердің жағалау аумақтарында шоруылдау қызметін жүргізуге арналған. Алюминді қоспадан жасалған, жоғарғы жүріс жылдамдығы және жақсы теңізде жүру қабілеті бар. Заманауи навигациялық және штурмандық жабдықтармен қамтылған; катердің жеке құрамына арналған қажетті бөлмелер қарастырылған.

Катер заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ – Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

100 «Сұңқар» жобасының катерлері 1995 жылдан бастап 2006 жылға дейін жасалынған

100 «СҰҢҚАР» жобасының барлық катерлерінде жаңарту жұмыстары жүргізілгенҚазіргі уақытта олар Каспий теңізінде пайдаланылуда. Нормалармен бекітілген мерзімде оларға техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстары жүргізілуде. Осы жобаның катерлерінің орнына 2009 жылдан бастап «FC-19» жобасының 27 тоннаға дейінгі  жоғарғы жылдамдықтағы катерлері жасалуда.

 

0200 «Буркiт» жобасының шекаралық катері  жағалау аудандарындағы, бұғаздардағы, ашық тексерулерде және өзен аумақтарындағы мемлекеттік теңіз шекарасын күзетуге, сонымен қоса бақылау-өткізу пунктерінің  қызметтерін қамтамасыз етуге арналған. Катер алюминді қоспадан жасалған, жақсы теңізде жүру қасиеті бар және жүру жылдамдығы жоғары. Заманауи навигациялық және штурмандық жабдықтармен, байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ – Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

0200 «Буркiт» жобасының катерлері 1997 жылдан 2006 жыл аралығында жасалған. 

0200 «Буркiт» жобасының барлық катерлерінде жаңарту жұмыстары жүргізілген болатынҚазіргі уақытта олар Каспий теңізінде пайдаланылуда. Нормалармен бекітілген мерзімде оларға техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстары жүргізілуде.

 

0300  «Барс» жобасының 2 дәрежелі шекаралық кемелері

«Барс» жобасының шекаралық кемесі мемлекеттік шекараның және құрлықтық қайраңдарының мемлекеттік аймақтық суларын күзетуді қамтамасыз етуге, заңсыз кеме жүрудің алдын алу мақсатында торуылдауға, контрабандалық операцияларға, қарақшылық және заңсыз балық аулаушыларға, заң бұзушы кемелерді өздігінен және басқа кемелермен, катерлермен және авиациямен бірігіп, ұстауға және тексеруге, су асты диверсанттарымен (әскери жүзушілерімен) күресуге арналған.
Кеменің артқы бөлігінде заң бұзушыларды тез арада ұстау үшін тексеру тобына арналған жүзу құралы орнатылған. Жүзу құралын суға түсіру және оны кемеге көтеру гидравликалық жетегімен кемелік жүк көтергіш құрылғы арқылы еге асырылады. Кеме корпусының негізгі материалы – кеме жасау құрышы. Үстінгі қабат – алюминді-магни қоспасынан.
Кеме міндеттік тапсырмаларын орындау үшін қажетті кемелік жүйелермен, байланыс құралдарымен, навигациямен, штурмандық құралдармен  қамтылған. Кеме ауыз су өнімділігі шамамен 4 т/тәулігіне тұшытқыш қондырғысымен қамтылған. Қару-жарақ - Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

0300 «Барс» жобасының кемелері 2006 жылдан бастап шығарылады.
Зауыт жасаған осы жобаның барлық кемелері ҚР теңіз шекарасын күзету бойынша өз қызметін Каспий теңізінде атқаруда. 2016 жылдан бастап қару-жарақ бөлігінде жаңартылған кеменің түрі жеткізілуде.

 

 

 

«FC-19» жобасының 27 тоннаға дейінгі жоғарғы жылдамдықтағы катері

ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараның және құрлықтық қайраңдарының аймақтық суларын күзетуге, заңсыз кеме жүрудің алдын алу мақсатында торуылдауға, контрабандалық операцияларға, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қарақшылық және заңсыз балық аулаушыларға, аз көлемді кемелермен күресуге, заң бұзушы кемелерді ұстауға және тексеруге арналған. Жоғарғы жылдамдықты және маневрлік қасиеттері бар. Катер заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ - Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

FC19 жобасы катерінің бастапқы үлгісі 2009 жылы суға түсіріліп, тапсырыс берушіге тапсырылған болатын.

 

250 «Барс-ҚМ» жобасының зымыранды-артиллериялық кемесі

Кеме тапсырмаларын Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сәйкес орындауға арналған. Кемелердің техникалық мінездемелері су үстіндегі әскери кемелерді, катерлерді және  қарсыласының көліктерін өз бетімен және кемелік соққылық күштермен бірлесіп жоюды қамтамасыз етеді. Кемелер заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ - Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

250 «Барс-МО» жобасының зымыранды-артиллериялық кемесі 2010 жылдан бастап жасалуда.

 

0210 «Айбар» жобасының жоғарғы жылдамдықта жүретін торуылдау катері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының және құрлықтық қайраңдарының мемлекеттік аймақтық суларын күзетуді қамтамасыз етуге арналған; заңсыз кеме жүрудің, контрабандалық операциялардың,  қарақшылық және заңсыз балық аулаушылардың алдын алу мақсатында торуылдауға, заң бұзушы кемелерді ұстауға және тексеруге арналған. Кемелер заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ - Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

0210 «Айбар» жобасының жоғарғы жылдамдықта  жүретін торуылдау катері 2013 жылы игерілген.

 

ҚР ҚМ арнайы мақсаттағы жасақтарына арналған катер

Катер суасты диверсиялық қауіптерден порт аумағының нысандарын және теңіздік экономикалық қызмет нысандарын күзетуді және шолуды қосатын суасты диверсиялық күштерге және құралдарға қарсы арнайы мақсаттағы жасақтардың әрекеттерін қамтамасыз етуге арналған; арнайы жасақтарды олардың шыгуы мүмкін аудандарға жеткізу;  әскери жүзушілерді және оларды жеткізу құралдарының қимылдарын табу, топтау және анықтау.
Өз мақсатына сай тапсырмаларды орындау үшін катер арнайы өнімдермен қамтылған, сонымен қоса заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ: Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

Арнайы  мақсаттағы жасақтарына арналған катер 2016 жылы жасалып, пайдалануға берілген.

 

 "Арктика" амфибиялық қайығы

2018_Arctica.jpg

Катер жыл бойы күннің жарық және қараңғы уақыттарында бассауға орнынан 25 мильге дейінгі қашықтықтағы теңіздің жағалау аумақтарында және ішкі су жолдарында шектеусіз қолдану мүмкіндігі бар. Өзінің амфибиялық қасиеттерін катер тайыз жерлерде, батпақта, қамыста, тез ағысты кішкентай лас және шоңғалды өзендерде,  құмды және тасты жағалау учаскелерінде, мұздарда, қабыршақты мұздарда, мұз жүру және мұзтақты мерзімдерде қалқымалы мұздарда, қар басқан мұз бетінде және құрлықта қозғалыс кезінде қолдана алады.

 

 Маневрлік базалау пункті

2020_PMB.JPG

Айлақтың мақсаты - арқандау, тұрақ, су ығыстырғыштығы 800 тоннаға дейінгі кемелерге қызмет көрсету, электр қуатты өндіру және кемелерге беру, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу. Айлақ бір уақытта су ығыстырғыштығы 300 тоннаға дейінгі 2 кемені және су ығыстырғыштығы 70 тоннаға дейінгі 2 кемені айлақта тұруын және оларды электр қуатпен (400В, 50Гц, 200кВт) дербес қамтамасыз ету қажет.
Айлақ судық тереңдігі (төменгі есептік деңгейден) қалқымалы көпірдікі 4,0 м кем емес, су тоқынының биіктігі 2,0 м дейін; кұйылу-төгілу құбылысы 1,5 м аспайды; кемелердің айлақта тұру кезіндегі желдің жылдамдығы 25 м/с.

 

Жағалау жөндеу шеберханасы (ЖЖШ) 

ЖЖШ  кемелермен катерлердің жауынгерлік қабілеттілігін демеу бойынша жөндеу және қалпына келтіру кешендік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге, сонымен қоса кемелік механизмдердің және жүйелердің жұмыс қабілетін қалпына келтіруге арналған. ЖЖШ модульдік түрде орындалған:

- учаскелер: дайындау,  механикалық өңдеу, слесарлық-жинақтау, электр монтаждық, радио құралдарды тексеру және реттеу, отын құралдарын және гидравлика түйіндеріне техникалық қызмет көрсету, такелаждық, аккумуляторларды толықтыру және қызмет көрсету, дәнекерлеу;
- тұрақтар: вулканизациялау,  сырлау қабаттарының, газбен кесу және дәнекерлеу;
- бөлмелер: тұрмыстық және қызметтік,  ИТҚ жұмыстарына арналған;
- тиеу-түсіру жұмыстарына арналған тельфер.
Желдету және кондициялау жүйесі бөлмелерде жұмысқа ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етеді. 

 

Жағалау жөндеу шеберханасы 2002 жылы игерілген.

 

Өміршеңдік үшін күрес оқу-жаттығу станциясы (ӨҮК ОЖС)

 

ӨҮК ОЖС контейнерлік түрдегі құрастырылым, 40 футтық төрт контейнерден жасалған. Станцияның құрастырылымы бірнеше рет жобалануын және орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.
Кемелердің, катерлердің, су көліктерінің және теңіз платформаларының экипаждарының өміршеңдік үшін күрес әрекеттерінің тәжірибелік дайындығына, сонымен қоса өрттермен және жүйелердің әр түрлі құбырларының зақымдалу кезінде және жауынгерлік және авариялық зақымдалу нәтижесінде ішке (кемеге, катерге, су көлігіне және теңіз платформасына) су кірумен күресу бойынша авариялық жағдайларды тез арада жою үшін авариялық-құтқару мүліктерін қолдану дәрістеріне арналған.
Станция инженерлік жүйелермен жабдықталған (электр қуатпен, бөлмелерді жылтумен, пайдаланылған техникалық суларды және дәреттер мен себезгідегі кәріз ағындарды ағызу; техникалық және тұрмыстық тұшшы су қорымен).
ӨҮК ОЖС бөлмелері өрт сөндіру жүйелерімен, ішкі кемелік телефондық байланыс, трансляция, үнді дабыл құралдарымен жабдықталған; КП бөлмесі, станция бастығының бөлмесі, шешіну бөлмесі, және нұсқама бөлмесі тұрмыстық кондиционерлермен жабдықталған. Станция қуаты 60 кВт авариялық қуаттану көзімен қамтылған.

ӨҮК ОЖС жеке құрамның фактілік әрекеттерін амалдауға мүмкіндік береді:
- кемедегі өрттермен күресуге;
- кеменің ішіне әскери және авариялық зақымдардың нәтижесінде су кірумен күресуге.

Өміршеңдік үшін күрес оқу-жаттығу станциясы 2011 жылы игерілген.

 

 Жоба 2025 жылға дейін іске асырылуда

ӘМБЕБАП КӨП МАҚСАТТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕМЕСІ

 

Кеме кемелер мен катерлерді отынмен, сумен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге; кемелердегі өрттерді сөндіруге көмек көрсетуге; қалыңдығы 0,6-0,8 м дейінгі бір жылдық мұздарда өздігінен жүзуге және қалыңдығы одан аз мұздарда кемелерді өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; авариялық-итергіш жұмыстарын жүргізуге; теңізде кемелерде ұсақ жөндеу жүргізуге арналған.
Кеме заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған.
Кеме дедвейті спецификациялық жүк санымен, арнайы қызметкерлермен, жолаушылармен және 100% кеме қорымен – шамамен 173 т.

 

БОЛЖАМДАҒЫ БАҒЫТТАР

Зауыттың болашақта мамандандырылған теңіз кемелерін шығаратын техникалық мүмкіндіктері бар: әртүрлі деңгейдегі тапсырыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жүзгіш зертханалар, шөгуі тайыз итергіштер, вахталық ауысымды жеткізу кемелері, іздеу- құтқару, табиғатты қорғау, өрт сөндіру және басқа кемелер. Жоғарыда айтылған кемелердің кейбір түрлерін зауытта игерілген кемелер мен катерлердің корпусының негізінде жасау мүмкіндігі бар. Осы бағытты жүзеге асыру республикамызда кемелердің түрін және санын, орындаушыларын, тапсырыс берушілерін, орындау мерзімін, қаржыландыру коздерін және көлемін көрсетумен Азаматтық кеме жасаудың болжамды даму мемлекеттік бағдарламасын бекітуге көмектесу мүмкіндігі бар. 

ӘСКЕРИ БАҒЫТ

ДИВЕРСИЯҒА ҚАРСЫ  КАТЕР

 

Катер тапсырмаларды Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай орындауға арналған: су асты диверсиялық күштерден және құралдардан (СДКҚ) порт аумағының нысандарын және теңіздік экономикалық қызмет нысандарын торуылдауға және күзетуге; арнайы жасақтарды СДКҚ басып кірген ауданға жеткізуге; су асты нысандарын (әскери жүзушілерді, оларды жеткізу құралдарын) табу, топтау және олардың қозғалыс көрсеткіштерін. Катер арнайы өнімдермен, сонымен бірге заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ: Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

 

ДЕСАНТТЫҚ КЕМЕ

 

Десанттық кеме Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай орындауға арналған: жабдықталмаған жағалауға десанттық жасақтарды (адамдарды, тегершікті және шынжыр табанды техниканы) теңіз арқылы тез жеткізуді және түсіруді қамтамасыз етуге; теңіз миналарын қоюға. Катер арнайы өнімдермен, сонымен бірге заманауи байланыс және навигация құралдарымен қамтылған. Қару-жарақ: Тапсырыс берушінің ТТ бойынша.

 

 

Cу ығыстырғыштығы шамамен 550 тонна борттық тік ұшағымен, 2 дәрежелі шекаралық күзетші кеме (ҰҰҚ)

 

Кеме Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай орындауға, мемлекеттік шекарасының және құрлықтық қайраңдарының мемлекеттік аймақтық суларын күзетуге, заңсыз кеме жүрудің, контрабандалық операциялардың,  қарақшылық және заңсыз балық аулаушылардың алдын алу мақсатында торуылдауға, заң бұзушы кемелерді ұстауға және тексеруге арналған.
Қару-жарақпен қамту Тапсырыс берушінің талабы бойынша. Кемені жеткізу жинағына тік ұшақ (ҰҰҚ) кірмейді.